Жаңалықтар 12.01.2026 720

Ұстаздар робототехника әлемінде: үш күндік FIRST семинары аяқталды

Ұстаздар робототехника әлемінде: үш күндік FIRST семинары аяқталды

Робототехника саласын игеру – цифрлық қоғам құруға бет бұрған Қазақстан үшін бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Бұл бағытқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше назар аударып келеді.

Осы орайда Shakarim University-де FIRST халықаралық робототехника бағдарламасы негізінде, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен, «Батыр боламын» және USTEM Foundation қорлары робототехника бойынша арнайы семинар ұйымдастырды.

Семинардың негізгі мақсаты – болашақ ұрпақтың цифрлық технологияларды терең меңгеруіне жол ашу, ал мұғалімдер қауымы үшін бұл – өз білімін жетілдіріп, жаңа білімдерді игеруге тамаша мүмкіндік болды. Үш күн бойы өткен бұл маңызды жиын, қатысушыларға робототехниканың қыр-сырын ашуға, оны оқу процесінде тиімді қолдану жолдарын үйренуге бағытталды.

Болашақта жас ұрпақтың цифрлық технологияларды терең меңгеруіне жол ашатын бұл маңызды жиынның ұстаздар қауымы үшін берері мол.

Үш күндік семинар өз мәресіне жетіп, белсенділік танытқан қатысушыларға кәсіби біліктілігін айқындайтын сертификаттар табысталып, семинарға қолдау білдіргендер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

FIRST – білім мен инновация тоғысқан алаң! Бұл семинардың мұғалімдер үшін берері мол болғаны сөзсіз, енді олар алған білімдерін өз шәкірттеріне жеткізіп, робототехника саласын дамытуға үлес қосатын болады.

Ұстаздар робототехника әлемінде: үш күндік FIRST семинары аяқталды
Ұстаздар робототехника әлемінде: үш күндік FIRST семинары аяқталды
Ұстаздар робототехника әлемінде: үш күндік FIRST семинары аяқталды
Ұстаздар робототехника әлемінде: үш күндік FIRST семинары аяқталды
Ұстаздар робототехника әлемінде: үш күндік FIRST семинары аяқталды
Ұстаздар робототехника әлемінде: үш күндік FIRST семинары аяқталды
Ұстаздар робототехника әлемінде: үш күндік FIRST семинары аяқталды
Ұстаздар робототехника әлемінде: үш күндік FIRST семинары аяқталды

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру