Жаңалықтар 18.05.2026 170

Театр сахнасында Шәкәрім әлемі жаңғырды

Театр сахнасында Шәкәрім әлемі жаңғырды

Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық драма театрының сахнасында «Шәкәрім симфониясы» атты композициялық қойылымның премьерасы өтті.

Қойылымның негізгі мақсаты – университет есімін иеленген ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлы тұлғасын ұжым мен жастарға тереңірек таныту, сондай-ақ оқу орнының рухани-мәдени имиджін жаңа деңгейде насихаттау болды.

Сондай-ақ, бұл қойылым университет қонақтарына тұрақты түрде ұсынылатын атаулы сахналық жобаның алғашқы нұсқасы ретінде ерекшеленді.

Кеш барысында Абай атындағы қазақ драма театры актерлері сахналық композиция арқылы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын әсерлі бейнеледі.

Қойылымның әдеби желісін сценарий авторы, Шәкәрім университетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасының оқытушысы Гәкку Айжарыққызы көркем тілмен кестелесе, режиссер Ербұлан Қалым сахналық шешімін мазмұн мен көркемдікті ұштастыра отырып шебер үйлестірді.

Сонымен қатар, театрдың симфониялық оркестрі британдық композитор Карл Дженкинстің Лондон қаласында 3000 көрермен алдында орындалған «Шәкәрім симфониясы» туындысын орындап, көрерменге рухани әсер сыйлады.

«Шәкәрім симфониясы» – тек театрландырылған қойылым ғана емес, ұлт руханиятын ұлықтап, көрермен санасына терең ой салған мәдени оқиға болды.

Театр сахнасында Шәкәрім әлемі жаңғырды
Театр сахнасында Шәкәрім әлемі жаңғырды
Театр сахнасында Шәкәрім әлемі жаңғырды
Театр сахнасында Шәкәрім әлемі жаңғырды
Театр сахнасында Шәкәрім әлемі жаңғырды
Театр сахнасында Шәкәрім әлемі жаңғырды
Театр сахнасында Шәкәрім әлемі жаңғырды
Театр сахнасында Шәкәрім әлемі жаңғырды
Театр сахнасында Шәкәрім әлемі жаңғырды
Театр сахнасында Шәкәрім әлемі жаңғырды

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру