Жаңалықтар 09.04.2026 117

«Study in Kazakhstan» жобасы – Шәкәрім университетінде

«Study in Kazakhstan» жобасы – Шәкәрім университетінде

Шәкәрім университетінде еліміздің талапкерлеріне арналған ауқымды білім беру жобаларының бірі – «Study in Kazakhstan» («Қазақстанда оқы») жоғары білім көрмесі өтті. Үш жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқан бұл бастама биыл Қазақстанның 14 қаласын қамтып отыр. Жобаның басты мақсаты – талапкерлерге еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары мен Қазақстанда ашылған шетелдік университеттер филиалдарының білім беру мүмкіндіктерін жан-жақты таныстыру.

Ауқымды іс-шара аясында қатысушылар білім беру бағдарламалары, мемлекеттік гранттар, қабылдау талаптары мен оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы толық әрі нақты ақпарат алуға мүмкіндік алды.

Шәкәрім университетінде өткен бүгінгі көрмеге еліміздің 40-қа жуық жоғары оқу орны қатысуда. Абай облысының мектеп бітіруші түлектеріне арналған бұл маңызды іс-шара талапкерлер үшін үлкен мүмкіндік деуге болады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев қатысып, еліміздегі жоғары білім беру саласындағы жаңашыл бастамалар туралы кеңінен баяндады.

– «Study in Kazakhstan» жобасының Семей қаласында ұйымдастырылуы – бірегей қадам. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған болатын. Оның басты мақсаты – Қазақстанда шетелдік жетекші университеттердің филиалдарын ашу арқылы отандық талапкерлерге халықаралық деңгейдегі білімді өз елінде алуға мүмкіндік жасау. Бүгінде бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. 30-дан астам стратегиялық серіктестік орнатылып, тек Астана мен Алматыда ғана емес, өңірлерде де шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Бүгінгі көрмеге сол филиалдардың өкілдері де қатысып отыр»,- деді ол.

Сондай-ақ, Руслан Тоқтарбекұлы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарында білім алуға мемлекет тарапынан гранттар бөлінетінін атап өтті. Бұл – қазақстандық жастардың халықаралық стандарттарға сай тегін білім алуына жасалып отырған үлкен қолдау.

Көрме барысында талапкерлер тек оқу орындарымен танысып қана қоймай, түрлі мотивациялық кездесулер мен пайдалы кеңестерге де куә болды. Атап айтқанда, ҰБТ сарапшысы, химия пәнінен дайындық кітаптарының авторы, «Dostyq Online» жобасының негізін қалаушы Фархат Сұлтабаев «Оқушылардың 95%-ын грантқа түсіретін 3 құпия» жайлы тәжірибесімен бөлісті.

Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің педагог-профориентологы Қарлығаш Берекеқызы «Мамандықты жүрекпен таңдау» тақырыбында ой қозғап, түлектерге болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңыздылығын түсіндірді. Ол жастарды өз қабілеті мен қызығушылығына сай бағыт таңдауға шақырып, өмірлік шешім қабылдауда жауапкершілік пен ішкі сенімнің рөліне тоқталды.

Жалпы, «Study in Kazakhstan» көрмесі – талапкерлер үшін бағыт-бағдар беретін, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру