Шәкәрім университетінің ректоры қоғамдық ұйым филиалын басқарады
Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Думан Рымғалиұлы Орынбеков «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.
2013 жылы құрылған бұл бірлестіктің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, қоғамда адалдық қағидаттарын орнықтыру және оның туындау себептерінің алдын алу болып табылады.
Аталған тағайындау – қоғамдағы ашықтық пен әділдікті нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Думан Рымғалиұлының жаңа қызметі оның білім беру саласындағы басқарушылық тәжірибесі мен қоғамдық жауапкершілігін ұштастыра отырып, өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға серпін беретіні сөзсіз.