Жаңалықтар 01.06.2026 106

Шәкәрім университетіндегі «Толағай»

Шәкәрім университетіндегі «Толағай»

Шәкәрім университетінде «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Толағай» жазғы лагері жұмысын бастады.

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру, достық қарым-қатынас қалыптастыру және ұлттық, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған лагерьдің ашылу салтанаты «Балаларды қорғау күнімен» тұспа-тұс келді.

Лагерь жұмысы сауықтыру-денсаулық сақтау, танымдық-зияткерлік шығармашылық, патриоттық тәрбие, балалардың елін, жерін, мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, экологиялық, коммуникативтік-әлеуметтік, мәдени-эстетикалық, көптілділік және тіл дамыту, ғылыми-танымдық бағыттарды қамтиды.

Ашылу салтанатында балаларды түрлі ертегілер әлеміндегі кейіпкерлер ерекше динамикалық әуенмен күтіп алып, лагерь аумағын нағыз шығармашылық орынға айналдырды.

«Толағай» лагері – балалардың қабілеттерін дамытатын, жаңа достар тауып, жарқын естеліктер сыйлайтын ерекше орта.

Алдағы уақытта лагерь тәрбиеленушілерін қызықты белестер мен шытырман оқиғаларға толы мазмұнды демалыс күндері күтіп тұр.

Балалық шақтың шуақты мекеніне айналған лагерьдің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтіп, бүлдіршіндерді шаттық пен қуанышқа бөледі.

Шәкәрім университетіндегі «Толағай»
Шәкәрім университетіндегі «Толағай»
Шәкәрім университетіндегі «Толағай»
Шәкәрім университетіндегі «Толағай»
Шәкәрім университетіндегі «Толағай»

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру