Республикалық олимпиада: экономика болашағы – жастар қолында
23 сәуірде Шәкәрім университетінде «Экономика және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVIII республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.
Зияткерлік сайыс студенттердің теориялық білімдерін тереңдетуге, практикалық дағдыларын дамытуға және кәсіби даярлық деңгейін арттыруға бағытталды. Олимпиада аналитикалық ойлау, креативтілік және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау қабілетін көрсетуге арналған маңызды алаңға айналды.
Олимпиадаға Атырау қаласындағы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы университеттің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Алматы қаласындағы Narxoz университетінің, Алматы Менеджмент университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Астана қаласындағы Тұран-Астана университетінің, Қарағанды қаласындағы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің, Семей қаласындағы Alikhan Bokeikhan University-дің, Ақтөбе қаласындағы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің және Алматы қаласындағы Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің студенттік командалары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
I дәрежелі диплом. Сертификат сомасы – 100 000 теңге.
«CrisisMind» командасы (Жұмаханов Алмас, Урынғалиева Бибинур, Алқам Абдулали), «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ. Ғылыми жетекшілері: э.ғ.к., профессор Сабирова Рысты; экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Джумаева Айгүл Қабджановна.
II дәрежелі диплом. Сертификат сомасы – 75 000 теңге.
«НархозНавигаторлары» командасы (Мәлінбеков Мұхамедкәрім, Нұрлан Еңлік, Базарбаева Ұлболсын), «Narxoz университеті» КЕАҚ.
Ғылыми жетекшілері: э.ғ.к., профессор Елшібаев Рахымжан Қамытбекұлы; экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Бактиярова Альфия Жалеловна.
«F3» командасы (Бычковский Никита, Әбілдин Нұрмұхаммед, Аужанов Арлан), «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ. Ғылыми жетекшілері: аға оқытушы Рыскулова Жанар Ордабаевна; э.ғ.к., профессор Рахметулина Жібек Берлібековна; э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жанабаева Жанар Қайырбековна.
III дәрежелі диплом. Сертификат сомасы – 50 000 теңге.
«Бөкейхановшылар» командасы (Гавриенко Даниил, Удоденко Артем, Кимосова Олеся), Alikhan Bokeikhan University. Ғылыми жетекшілері: PhD, аға оқытушы Молдажанов Марат Бәтімбаевич; PhD, аға оқытушы Қадыров Берік Қайыпқанович; PhD, аға оқытушы Қалдыбаева Данира Орынбаевна; экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Шойбакова Еркежан Оразбаевна.
TripleImpact командасы (Урусова Виктория, Даниярқызы Данеш, Макульбекова Жасмин), Алматы Менеджмент университеті. Ғылыми жетекшісі: PhD, профессор Балапанова Эльмира Салимовна.
«Альфа» командасы (Нурислам Джарилкасинов, Ахметсалим Ерсаин, Амирхан Лейла), Тұран-Астана университеті. Ғылыми жетекшілері: э.ғ.к., доцент Серікбаева Бағлан Мұхамеджановна; э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ысқақов Бауыржан Мұратбекұлы.
Осындай іс-шараларды өткізу құзыретті, қаржылық сауатты мамандарды қалыптастыруға, олардың ел экономикасының тұрақты дамуы мен өркендеуіне үлес қосуына ықпал етеді.