Жаңалықтар 06.05.2026 398

Педагог пен оқушы: сенім көпірін қалыптастырған олимпиада

Педагог пен оқушы: сенім көпірін қалыптастырған олимпиада

Шәкәрім университетінің «Тілдік коммуникация» кафедрасы және Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығының» ұйымдастуыруымен ғылым мен адам жанының үндестігін арқау еткен тағылымды іс-шара өтті. Ғылым докторы, профессор, көрнекті педагог-ғалым Әсемгүл Александровна Молдажанова атындағы II облыстық олимпиада тақырыбы «Серіктестік психологиясы: педагог-психолог және оқушы».

Олимпиадаға Жаңасемей ауданының «Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі, Бородулиха ауданының Михайличенковская орта мектебі, Жаңасемей ауданының Жаркын жалпы орта білім беретін мектебі, Абай ауданының М. Әуезов атындағы орта мектебі, Бесқарағай ауданының Глуховка орта мектебі, Аягөз ауданының «№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі, Семей қаласының №17 мектебі және Курчатов қаласының «№2 мектебінің командалары қатысты.

Бұл олимпиада жай ғана білім сайысы ретінде өткен жоқ, мұнда педагог-психологтар мен оқушылар арасындағы өзара сенім мен түсіністікке негізделген серіктестіктің мәні тереңінен ашылып, кәсіби қарым-қатынастың жаңа үлгілері айқындалды. Қатысушылар байқау кезеңдерінде шағын жобалардан бастап нақты кейстерді шешуде және авторлық құралдарын таныстыруда жоғары кәсібилік пен креативтіліктерін көрсетті.

Сонымен қатар заманауи терапия бағыттары бойынша шеберлік сабақтары өткізілді: би-қозғалыс терапиясы және денеге бағытталған терапия.

Іс-шараның өзегі – білім беру кеңістігіндегі педагог-психолог пен оқушы арасындағы үйлесімді байланысты қалыптастыру. Бұл байланыс тек кәсіби міндетпен шектелмей, тұлғалық дамуға жол ашатын рухани көпірге айналуы тиіс. Олимпиада дәл осы идеяны негізге ала отырып, қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін шыңдауға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және тың көзқарастар қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары, кәсібиліктері және білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!

Педагог пен оқушы: сенім көпірін қалыптастырған олимпиада
Педагог пен оқушы: сенім көпірін қалыптастырған олимпиада
Педагог пен оқушы: сенім көпірін қалыптастырған олимпиада
Педагог пен оқушы: сенім көпірін қалыптастырған олимпиада
Педагог пен оқушы: сенім көпірін қалыптастырған олимпиада
Педагог пен оқушы: сенім көпірін қалыптастырған олимпиада
Педагог пен оқушы: сенім көпірін қалыптастырған олимпиада
Педагог пен оқушы: сенім көпірін қалыптастырған олимпиада

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру