Жаңалықтар 03.04.2026 172

Ғалым атындағы кабинет ашылды

Ғалым атындағы кабинет ашылды

Бүгін Шәкәрім университетінде экономика ғылымдарының кандидаты Биболат Қуантқанұлының атына арнайы кабинет ашылып, «Ғалымның экономикалық білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі мен өнегелі жолы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жиынға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінен, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтынан, Alikhan Bokeikhan University-інен әріптестеріміз, сонымен қатар, білім саласында Қуантқан Биболатпен бірге қызмет жасаған әріптестеріміз бен ғалымның шәкірттері қатысты.

Іс-шара барысында ғалымның өмір жолы мен ғылыми мұрасы таныстырылып, отандық және өңірлік жоғары оқу орындарының ғалымдары мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен қатар, әріптестері мен шәкірттері естеліктерімен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар ғалымның ғылымға және білім саласында шәкірт тәрбиелеуде қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Ғалым атындағы кабинет ашылды
Ғалым атындағы кабинет ашылды
Ғалым атындағы кабинет ашылды
Ғалым атындағы кабинет ашылды
Ғалым атындағы кабинет ашылды
Ғалым атындағы кабинет ашылды
Ғалым атындағы кабинет ашылды
Ғалым атындағы кабинет ашылды
Ғалым атындағы кабинет ашылды

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру