Жаңалықтар 02.04.2026 197

Ерекше әлемге ашық есік

Ерекше әлемге ашық есік

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні аясында «Асыл Мирас» аутизм орталығында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – аутизм туралы ақпаратты кеңінен тарату, қоғамда ерекше қажеттіліктері бар жандарға деген түсіністік пен құрметті арттыру, сондай-ақ инклюзивті мәдениетті қалыптастыру.

Аталған іс-шараға Шәкәрім университеті де белсенді түрде атсалысты. Университеттің Психологиялық қолдау қызметі мен психология мамандығының студенттерінен құралған «Brain Up» еріктілер тобы ерекше балаларға арналған мазмұнды бағдарламалар ұсынды.

Еріктілер ұйымдастырған "Көрінбейтін әлем бояулары" атты арт-терапиялық іс-шара балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталды. Балалар бояулар арқылы өз сезімдері мен ішкі жан дүниесін еркін бейнелеп, өзін-өзі танытуға мүмкіндік алды. Бұл әдіс олардың эмоционалдық күйін түсінуге және өз ойын жеткізуіне үлкен септігін тигізді.

Сонымен қатар, «Эмоциялар футболкасы» атты дене-бейімделген арт-терапиясы ерекше әсер қалдырды. Балалар алақандарымен түрлі-түсті бояуларды пайдаланып, ақ футболкаларды безендірді. Бұл үдеріс олардың сенсорлық қабылдауын жетілдіріп, жағымды эмоциялар сыйлады.

Іс-шара барысында «Асыл Мирас» аутизм орталығының басшысы Арайлым Әлімжанова өз пікірін білдірді:

«Бүгінгі ашық есік күніне біздің серіктестеріміз – Шәкәрім университетінің педагогика-психология мамандығының студенттері қатысып отыр. Ерекше балалармен жұмыс жасау барысында біз олардың қабілеттерін анықтап, белгілі бір бағытта дамытуға баса мән береміз. Қазіргі таңда орталықта 6 бағдарлама жүзеге асырылып келеді, 98 бала тұрақты түрде келіп жүр. Биыл коррекциялық сыныпқа дайындалып, мектеп табалдырығын аттайтын балаларымыз да бар».

Бұл іс-шара – қоғам мен ерекше балалар арасындағы байланысты нығайтып, өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындай түсті. Мұндай бастамалар инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі екені сөзсіз.

Ерекше әлемге ашық есік
Ерекше әлемге ашық есік
Ерекше әлемге ашық есік
Ерекше әлемге ашық есік
Ерекше әлемге ашық есік
Ерекше әлемге ашық есік
Ерекше әлемге ашық есік

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру