Жаңалықтар 07.04.2026 32

Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі

Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі

Қазіргі уақытта жастардың рухани және діни сауатты болуы – кезек күттірмес мәселелердің бірі. Осы орайда Шәкәрім университетінде Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының Талдау және ақпараттық түсіндіру бөлімінің маманы Әсел Кусембековамен «Жастар және дін: дұрыс бағыт қалыптастыру жолдары» тақырыбында ашық сұхбат ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, жастардың дұрыс дүниетаным қалыптастыруына ықпал ету.

Алдымен іс-шараның үйлестірушісі, университеттің Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы Арайлым Оразғалиева ашық сұхбат тақырыбының маңыздылығына тоқталып, қазіргі қоғамда жастар түрлі ақпарат көздері арқылы дін туралы әртүрлі мәліметтер алатындықтан, жалған діни түсініктер мен радикалды көзқарастардың алдын алу – өзекті мәселе екенін атап өтті.

Ашық сұхбат барысында қатысушыларға дінге қатысты негізгі ұғымдар кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстанның зайырлы мемлекет екендігі, яғни дін мен мемлекеттің өзара бөлінгенімен, қоғамдағы рухани құндылықтардың маңыздылығы да назардан тыс қалмады.

Кездесуде ислам дінінің ғылым мен білімге, ұлттық салт-дәстүрге, сондай-ақ өнердің түрлі бағыттарына қайшы келмейтіні ерекше атап өтілді. Бұл – жастардың дінге қатысты дұрыс әрі кең көзқарас қалыптастыруына бағытталған маңызды түсіндірулердің бірі болды.

Сондай-ақ, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – ғаламтор кеңістігіндегі діни ақпараттар жайы да қозғалды. Мамандар жастарды интернеттегі күмәнді уағызшылардың ықпалына түсіп қалмауға, тек ресми әрі сенімді дереккөздерге сүйенуге шақырды. Тыйым салынған діни ағымдар мен радикалды көзқарастардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы да нақты мысалдар келтірілді.

Ашық форматта өткен сұхбат барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, діни сауаттылығын арттыруға және рухани тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі
Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі
Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі
Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі
Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру