Шәкәрім университетінде AI-Sana жобасы аясында AI-агенттер таныстырылады
Шәкәрім университетінде AI-Sana инновациялық жобасы аясында оқу орнында іске асырылған жасанды интеллектіге негізделген AI-агенттердің функционалдық мүмкіндіктері мен жұмыс қағидаттарын таныстыруға арналған семинар өтеді.
Семинардың негізгі мақсаты – университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және басқару процестеріне енгізілген AI-агенттердің жұмыс істеу тетіктерін таныстыру, олардың тиімділігі мен тәжірибелік қолдану бағыттарын көрсету.
AI-Sana жобасы – университеттің цифрлық трансформация бағытын күшейтуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.