ХАБАРЛАНДЫРУ!
«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 850 қаулысымен өзгертілген) сәйкес, оқу процесінде пайда болған бос білім беру гранттарына конкурс жарияланады.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.Конкурс бүкіл оқу кезеңінде үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша өткізіледі.
Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- («өте жақсы») білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы») дейінгі бағалар, бұдан әрі – аралас бағалар.
Құжаттар қысқы сессияны тапсырғаннан кейін 2025 жылдың қаңтар айының 14 дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін ақылы негізде оқитын студенттер кафедраға келесі құжаттарды ұсыну керек:
• Басқарма Төрағасы - Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (үлгісі қосымша берілді.);
Тіркеу бөлімі арқылы алынған транскрипт
•Жеке куәлігінің көшірмесі.
Босаған бос білім беру гранттарының тізімі төменде:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бос гранттар тізімі